• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2021

Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді

176 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысында айтылды деп хабарлайды Egemen.kz.

Филиал төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен отырыста «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясын шақыру және сайлауалды бағдарлама бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларын, қоғамдық кеңестердің құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралған.

Отырыс шешімі бойынша партия облыстық филиалдың XXVII есеп-беру сайлау конференциясы 13 мамырда өтетін болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған  жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделген.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының айтуынша, облыста барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылып, олардың құрамына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, өңірдің зиялы қауым өкілдері, партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар кірген.