• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2021

ШҚО-да мал ұрылары ұсталды

386 рет
көрсетілді

Заң күшейгенімен мал ұрлығы азаймай тұр Шығыста. Наурыз айының соңында Көкпекті ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен екі бас ірі қара ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Самар ауылының 26 және 29 жастағы тұрғындарын қолға түсірген. Олардан «ешқайда кетпеу туралы қолхат» алынды. Қолды болған малдың терісі де әшкере болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, мал ұрлағаны үшін күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызында Жарма ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған 11 бас жылқы табылды. Жылқылар Аршалы ауылдық округінен былтыр 10 желтоқсанда жайылымнан жоғалып кеткен.