• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2021

Қызылордада сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі шықты

188 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Мекеме қызметкерлерінен айласн асырмақ болған сәлдемдеме жолдаушы оны кәдімгі құрттың ішіне орап салған.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысында күмәнді заттың салмағы 3,2 грамм болатын кептірілген марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.