ТЖД қызметкерлері айдалада аяғын сындырып алған шаңғышыға көмек көрсетті. 1962 жылы туған ер адам 16 сәуірде шаңғымен Малоубинка су қоймасына қарай бет алып бара жатқан жолда аяғын сындырып алған.
Оқиға Риддер қаласынан 70 шақырым жерде таулы жерде болған. Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету үшін МИ-8 тікұшағы көтерілді. ТЖД құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Өскеменнен ұшып жетті. Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, Риддер қаласының ауруханасына жеткізілді.
ТЖД қызметкерлері таулы жерлердің қауіпті екенін тағы бір мәрте еске салады. Демек, жолға шықсаңыз алғашқы көмек көрсету қобдишасын алып жүру қажет. Өз бағыты туралы жақындарына міндетті түрде хабарлау керек.