Кеше кешке Петропавлдағы Аяған Шәжімбаев көшесіндегі «Тбилиси» ресторанында өрт шығып, жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ресторан 2 қабатты кірпіштен салынған ғимаратта орналасқан болатын. Өртке негізінен төбедегі құрылыс материалдары оранды.
Облыстың ТЖД өрт сөндіру және апатты құтқару қызметкерлері дер кезінде өртті сөндіріп, оның басқа үйлерге жайылуына жол бермеді. Тоғыз адам эвакуацияланды, бұлардың бәрі де ресторанның қызметкерлері. Өрт сөндіруге ТЖ-ның 15 техникасы мен жеке құрамнан 67 адам қатыстырылды. Абырой болғанда жапа шеккендер мен қаза болғандар болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталуда.