• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда ТЖ департаменті мен Индустриялық парк зауыттарының қызметкерлері вакцина қабылдады

166 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ департаментінің қызметкерлері мен Индустриялық парк зауыттарының қызметкерлері COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялаудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мобильді топтар аталмыш мекемелердің жұмыс орнына барып, қызметкерлерін вакцинациялаудан өткізіп жатыр. Қауіпсіздік үшін COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндерге жеке кабинет ұйымдастырылды. Ал жұрттың бір орынға жиналуын болдырмас үшін қатаң қабылдау кестесі жасалды.

«Мобильді топтардың келуі жұмысымызды жеңілдетеді. Себебі зауыт қызметкерлерінің көбісі жұмыс орнында вакцина қабылдағысы келеді. Жұмыс берушіге және қызметкерлерге жұмысын тоқтатпай бірден вакцина салғаны өте ыңғайлы»,  деп түсіндірді №14 қалалық емхана меңгерушісінің орынбасары Есбол Омаров.

Вакциналаудан бұрын мамандар міндетті медициналық тексеруден өтеді, коронавирусқа қарсы вакцинаны алу алгоритмі түсіндіріледі.

Вакцинаның алғашқы компонентін алған Николай Бабабин, локомотив құрастыру зауыты зауыттың жұмысшысы: "Науқастардың санында болғанымша, вакцинацияланғандардың қатарында болғаным жақсы",  деді.

Дәрігерлер вакцинация мен ұжымдық иммунитетті коронавирустың алдын алудың тиімді жолы деп санайды. Оны дамыту үшін ересек тұрғындардың кем дегенде 60%-ын егу керек.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаментінің қызметкерлері де ұжымдық вакцинациялаудан өтіп жатыр.Жаппай егуді өткізу үшін №3 қалалық емхананың көшпелі медперсонал бригадасы аттанды.

Екпеден кейін шағымдар болған жоқ. 21 күннен кейін вакцинацияның екінші кезеңі өтеді. Ал ТЖ департаментінде 100-ден астам адам КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтті.

Бүгінде елордалық бірқатар ведомстволар мен кәсіпорындардың қызметкерлері вакцинациядан өтті. Қалада барлығы 55 мыңнан астам адам вакцина алды.

Тек жаппай иммундау және ұжымдық иммунитет бәрімізге шектеусіз, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.