Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 81 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 89 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 51844 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар 750 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны - 50639.