Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тас жол бойындағы саяжай өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қорғалжын тас жолы бойындағы саяжайлар өртеніп жатыр. Тілсіз жау қатты желдің кесірінен санаулы минуттарда-ақ президенттік гараж орналасқан аумақты шарпып үлгерді. Дер кезінде өртті өшіреді деп үміттенемін», деп жазды саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында.
Айта кетейік, бүгін «Ертіс орманы» резерватында да өрт шыққанын хабарлаған едік.