• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Видео 19 Сәуір, 2021

Қостанайда бес метрлік мұзды тау жолды жауып тастады

231 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz  alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар мұндай құбылысты бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ірі пішіндегі мұз сынықтарының тасжолдың бетін жауып, жылжып бара жатқаны түсірілген видео интернетте жарияланды.

Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар тасжолдағы жағдайға түсініктеме берді.

«18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы жол қозғалысы жабық. Нақтырақ айтқанда Сарыкөл ауданындағы Севастополь ауылы маңынан өтетін республикалық маңызы бар жол. Мұзды блок жолды шамамен 500 метрге дейін жауып тастаған. Биіктігі 5 метрге дейін жетеді. Бұл – табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желдің салдарынан болды», дейді жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев.

 

Соңғы жаңалықтар