• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 19 Сәуір, 2021

Президент актриса Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты

336 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», делінген жеделхатта.