Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаппай жасылдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес шымкенттік жолшылар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының өндірістік базасы аумағында алма, алмұрт, өрік секілді түрлі жеміс көшетін екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген даналықты мықтап ұстанған халықпыз. Сондықтан өзіміз өмір сүрген мекенге жас шыбық отырғызу, оны баптап өсіру, болашақ ұрпаққа, өзімізге және табиғат - анаға жасаған үлкен сыйымыз. Бүгін отырғызған ағаштардың жемісін ертең ел-жұрт ауыз тисе біздің мақсатымыздың орындалғаны», дейді мекеме директоры Мұхтар Дүйсембеков.