• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2021

Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды

275 рет
көрсетілді

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Полиция қызметкерлері Ақсу қаласының тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі алаңда кәмелетке толмаған екі баласына дене жарақатын салғанын анықтады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ер адамның екі тегіс ұңғылы қаруы бар екенін анықтап, тәркіледі, - деді Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдын Жүнісов.

Қару Ақсу қалалық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі тобына тапсырылды.Полиция қызметкерлері ер адамға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі (азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, ҚР аумағына әкелу және ҚР аумағы арқылы транзиттеу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады.