Куәгерлер Подстепка ауылының маңындағы өртті видеоға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Ертіс өзенінің жайылмасында 20 гектар құрғақ шөп жанып кеткен
- ТЖ орнына жергілікті әкімдік жанындағы өрт сөндіру бекетінің төрт қызметкері шықты. Өрт ошағының айналасында ұсақ көлдер мен өзендер техниканың жүріп өтуін қиындатады. Өрттің таралу қаупі жоқ, - делінген хабарламада.
Өрт сағат 23:49-да сөндірілді. Елді мекендер мен орман алқаптарына қауіп төніп тұрған жоқ.