• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2021

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды

484 рет
көрсетілді

Сарыағаштағы пайдаланылмай жатқан 765,98 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды  Egemen.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 765,98 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі болып, мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта басқа да игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы, ауданда ағымдағы жылы I-тоқсанда жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 42 146,5 мың теңге және жер телімдерін уақытша жалға беруден түсетін түсімдер бойынша 3674,6 мың теңге түсіп, меже артығымен орындалды.