• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2021

Мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетке шығу жасын төмендету керек – депутат

644 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов Үкіметке мүгедек жандардың зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мүгедектігі бар 600 мыңнан астам адамның (ересек) арасында жұмыс істейтіндердің саны 85472 адамды құрайды.

«Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі 3-ші топтағы мүгедектер, олардың саны-62012 адам, екінші топтағы мүгедектер -18467 адам, бірінші топтағылар-2393. Олардың ішінде ер адамдар-51744, әйел адамдар-33750», деді Смайылов.

Алайда мүмкідігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендету мәселесі әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған орай бір топ мәжіліс депутаты Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа ұсыныстарын жеткізді.

«Үкімет мүгедектігі бар адамдар үшін зейнет жасын төмендетуді; Жауапты өкілеттіліктер мүгедек адамдардың зейнет жасын төмендетудің нақты өлшемдерін әзірлеуін; сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделеріне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін құрастыруды; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы мүгедек адамдар туралы статистикалық деректерді әзірлеуін сұраймыз», деді депутат Ерлан Смайылов.

Гаухар ҚАПАШ