• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Сәуір, 2021

Зілтемірші Екатерина Быкова қола медальді мойнына ілді

240 рет
көрсетілді

Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуда. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында үш жүлде бар, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Әйелдер арасында 71 кило салмақта сынға түскен Екатерина Быкова қола медальді мойнына ілді. Қоссайыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз 213 (91+122) кило салмақты еңсерді. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен Айша Омарова төртінші орында қалып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі жарыстарда Арли Чонтей бас жүлдені олжаласа, Абылай Әуелханов күміске қол созған еді. Бұл зілтеміршілердің екеуі де 55 кило салмақта күш сынасты. 

 

Соңғы жаңалықтар