Ресей Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, былтыр көрші елде музейге жиырма миллионға жуық адам барыпты. Жыл бойына 2,7 мың көрме жобасы өткен. Бұдан бөлек пандемиялық ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған 23 мың іс-шара 300 миллион қаралым жинаған.
Ал елімізде Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы мұражайға келушілердің саны 2 миллион 351 мыңды құраған. Оның 37,3 пайызы (877,2 мың) – балалар. Былтыр жалпы саны 253 музейде (ол 2019 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке өскен) 62 762 экскурсия өткізіліп, тыңдаушыларға 6 972 дәріс оқылған.
Сонымен қатар қорық-мұражайларда 1394 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Негізгі қордағы экспонаттардың жалпы саны 2580,3 мыңды құраса, оның 12,2 пайызы экспонатталған. Сондай-ақ негізгі қорда электронды форматта 1001,1 мың жәдігер бар. Республикалық музейлерде барлығы 4058 көрме ұйымдастырылса, оның жетеуі шетелде өткізілген.