• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Білім 22 Сәуір, 2021

Семейде 18 мектеп карантинге жабылған

518 рет
көрсетілді

Семей қаласының Білім бөлімінің мәліметінше, бүгінгі таңда 18 мектеп карантинге жабық тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, №7, 10, 11, 17, 18, 19.22, 28, 30, 32, 33, 35, 37, 38, 40, 43, 49 және Аймауытов атындағы орта мектеп.

«Статистика көрсеткендей, көбіне мектептегі 4-6 сынып аралығындағы оқушылар коронавирус жұқтырып жатыр. Осыдан екі күн бұрын 13 мектепте карантин енгізілсе, қазір тағы 5 білім ордасында карантин жарияланды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы «қызыл» аймаққа енген. Бұған дейін ондағы мектептердің қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.