Татарстанның астанасы Қазан қаласында әртістік жүзуден өткен әлемдік серияның үшінші кезеңінде Қарағандының жас спортшылары тамаша өнер көрсетіп, үздік нәтиежелерге қол жеткізді.
Әлемнің 12 елінің үздік командалары қатысқан бұл жарыста құрамында Екатерина Симонова, Елена Крылова, Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Этери Какутиа және Арина Мясникова бар ұжым «хайлайт» сынында үздік шығып, чемпион атанды. Сондай-ақ дәл осы құрамда олар техникалық бағдарлама бойынша қола медальға ие болды.
Еске сала кетсек, «хайлайт» деп аталатын жаңа сын FINA техникалық конгресінің шешімі бойынша 2017 жылдан бастап әртістік жүзу жарыстарының бағдарламасына енгізілген болатын. Былайша айтқанда, сайыстың бұл түрін «су акробатикасы» деп те атауға болады.
Сонымен қатар аталған жарыста қарағандылық жұп – Каролина Иванова мен Виктор Друзин дуэті техникалық бағдарламада қола жүлдені қанағат етті.
Әлемдік деңгейдегі додада толайым табысқа қол жеткізген спортшылар – облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған жүзу спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Тек арала-
рындағы Виктор Друзин Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжде оқиды.
Қарағанды облысы