• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Сәуір, 2021

Доллар бағамы арзандады

909 рет
көрсетілді

KASE сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE мәліметінше, доллар бағамы 22 сәуір күнгімен салыстырғанда 1,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 431,11 теңге болды. Ұлттық банктің 23 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,21 теңге.

Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,09 теңге, сатып алу – 430,04 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 430,03 теңге болса, сатып алу құны – 431,18 теңге.