• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Сәуір, 2021

Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды

231 рет
көрсетілді

Беларусь елінің ашық біріншілігінде Қазақстанның жүзушілері табысты өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың екінші күні жерлестеріміз тағы екі жүлдеге қол жеткізді. 50 метрге еркін тәсілмен малтуда Александр Варакин 22.37 секундтық көрсеткішпен күміс медальді иеленді. 400 метрге жүзуде Ғалымжан Балабек те екінші орынды еншіледі. Оның уақыты – 4:01.60 минут.

Бүгін Қазақстанның тағы бірнеше спортшысы жарыс жолына шығады. Олар – Әділ Қасқабай, Анастасия Резванцева, Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева және Ғалымжан Балабек.