• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Футбол 23 Сәуір, 2021

Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді

146 рет
көрсетілді

Екі елдің федерациялары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Матч 4 маусым күні Косово астанасы Приштинадағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді.   Косово құрамасы ФИФА рейтингінде 120-шы орында тұр. 2016 жылдың мамыр айында Косово құрамасы ресми түрде УЕФА мен ФИФА-ның мүшесі болды.   Косово құрамасы біздің құраманың тарихында 69-шы қарсылас. Еуропалық құрамалардың ішінен Косово 40-шы қарсылас болады.   2018 жылдан бастап Косово құрамасын швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырып жүр.