• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2021

Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды

757 рет
көрсетілді

Былтыр 25 ақпан күні Көкшетау қаласында дәмхана иесі мен тұтынушы арасында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жанжал барысында дәмхана иесі ауыр соққы алған оны қоймаға апарып, тағы да өлімші қылып ұрып-соғады. Алайда, текетірес басталмас бұрын дәмхана иесі қоңырау шалған жәбірленушінің әйеліне күйеуі мас екенін айтып, алып кетуді талап еткен. Артынша оқиға орнына анасы келеді. Ер адам жігітті көлікке отырғызуға көмектеседі. Алайда, тек үйіне жете берісте анасы ұлының бақилық болғанын байқады.

Істі тергеу барысында Көкшетау қалалық соты облыс орталығындағы дәмхананың 41 жастағы иесін сегіз жылға бас бостандығынан айыру және зардап шеккен тарапқа жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам төлеу туралы үкім шығарды.

Сотталушы сот отырысы барысында өз кінәсін мойындамай, керісінше, жәбірленуші баспалдақтан құлаған кезінде жарақат алғанын алға тартады. Ал сарапшылардың айтуынша, мұндай жарақатты адам сатыдан құлаған кезде алмайды.

Көкшетау қалалық сотының судьясы Дидар Байниязов ер адамды Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танып, жас баласын ескере отырып, ер адамды орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, сегіз жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.