• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2021

Қазақстанда еңбек мигранттарының табысынан зейнетақы жарналары есептеле бастады

218 рет
көрсетілді

2021 жылдан бастап  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын  зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты БЖЗҚ жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында және халық арасында еңбекшілерді жұмыс бабымен көшіп-қону жағдайындағы өз құқықтары туралы ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеу қажеттігіне, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті және уақытылы жасасуға ерекше назар аударылады. Бұл келешекте еңбекшілерге қазақстандық заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде өздері қалыптастырған зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп беруге кепілдік береді дегенді білдіреді. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшілердің өз аумағында 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жинаған жұмыс өтілі үшін өз заңнамасы бойынша зейнетақы төлейді.  

Қазақстанда келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган БЖЗҚ болып табылады.

Мысалы, БЖЗҚ мамандары «фрилансерлер» - ЕАЭО-ға мүше елдердің «қашықтан» жұмыс істейтін азаматтары үшін еңбек шарты не азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт шеңберінде, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін осындай жұмыскерді тартқан жұмыс беруші жарналарды ай сайын төлеуге міндетті екенін түсіндірді. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері еңбеккердің ай сайынғы табысының 10% құрайды, бірақ ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайды.