• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2021

Төтенше жағдайлар министрі баланы тілсіз жаудан құтқарған жігітті марапаттады

288 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды  

Egemen.kz

ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені, әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды», деп атап өтті Ю.Ильин.

Ақылбектің айтуынша, ол өзін батыр санамайды. «Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді», дейді ол.

23 сәуірде күндіз сағат екілердің шамасында Петров көшесінде 5-үйдегі пәтерде өрт шыққан. Бала үйде жалғыз болған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек баланы құтқаруға бел буған.

Ақылбек ойланбастан 4-ші қабатқа түсіп, астыңғы көршілердің терезесінен үстіңгі қабаттағы пәтердің терезесіне қарай өткізулерін сұрайды. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Ол баланы қолына секіруге көндіреді. Бала қорқынышпен терезеден секіруге бел буады, Ақылбек оны бірден қағып ұстап алды.

«Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым», дейді кейіпкер.

Ақылбек Қыпшақбаев, 1987 жылғы Шымкент қаласының тумасы, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.