• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Сәуір, 2021

Самұрық-Қазына COVID -19 вакцинасының бір миллион дозасын сатып алды

119 рет
көрсетілді

2021 жылғы 13 сәуірдегі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Covid-19 вакцинасының 500 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік беретін дозасын сатып алуды қаржыландырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинаны жеткізу Қор мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  және «СК-Фармация» АҚ келісім шеңберінде қамтамасыз етіледі.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басым мәнге ие. Қор - қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерін вакцинациялаумен қамтудың барынша жоғары деңгейіне бағытталған. 

Компаниялар тобындағы вакциналанған жұмысшылардың саны 4358 адамды құрайды, оның 1400-і «ҚМГ» ҰК» АҚ жұмысшылары, 1170 - «Самұрық-Энерго», 1021 - «ҚТЖ »АҚ, 405 -«Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ, 250 - «KEGOC» АҚ. «Самұрық-Қазына» қоры елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады - компаниялар тобына 296 кәсіпорын кіреді, оларда 276 мың қызметкер жұмыс істейді.

«Самұрық-Қазына» қоры пандемия басталғалы бері коронавируспен күреске белсене қатысуда. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде аса тапшы позициялар - 100 жедел жәрдем автокөлігі, 1000 бірлік оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы препараттарының қаптамасы сатып алынды және берілді. Дәрігерлерге, полицияға және әлеуметтік қызметкерлерге 6 миллион қорғаныш маскалары сатып алынды, отандық өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шаралар кешені қабылданды.

Қорды басқару кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша екі емхана салу жоспарлануда.