• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Пікір 26 Сәуір, 2021

Ортақ келісімге келдік

164 рет
көрсетілді

Жер комиссиясының алғашқы отырысын еске алсақ, қандай қиын еді. Енді бәрі қалыпқа келіп, жұмысымыз жүйелене түсті. Соған сай мардымды пікірлер айтылды.

 

Қазақстан – үлкен мемлекет екенін жиі айтамыз. Сондықтан қабылданған кей заңдар бір аймақта тиімді нәтиже берсе, басқа аймақта ондай болмауы мүмкін. Мәселен, бүгін он, жиырма, жүз гектар туралы айтылды. Өзіңіз ойлап қараңызшы, Солтүстік Қазақстан аймағы үшін жүз гектар деген не? Бұл үлкен мәселе болмауы мүмкін. Ал халқы тығыз орналасқан оңтүстік үшін әр сүйем жер маңызды. Бүгінгі отырыста бәріміз ол жақтағы демографияның қарқыны туралы жақсы ақпарат алдық. Бүгін дүниеге келіп жатқан балалар енді қалай өмір сүріп, қалай жұмысқа орналасады? Бұл да өзекті мәселе.

Сондықтан бүгін шешім қабылдап, оны бес жылда ұмытып кетпеу керек. 

Иә, ұзаққа созылған отырыс болды. Дегенмен, жақсы іс атқарылды деп ойлаймын. Өз басым шешімге қуаныштымын. Өйткені ортақ келісімге келе алып, шешім қабылдау да – жетістік.

 

Геннадий ЗЕНЧЕНКО,

«Зенченко и К» серіктестігінің бас директоры