• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2021

ШҚО-да 600 отбасына қайырымдылық жасалды

418 рет
көрсетілді

Діни басқарманың Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» үйлестіруімен «Тайқазан» жобасының аясында қасиетті Рамазанның алғашқы күніндерінде-ақ 600 отбасына қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық іс-шарасын үздіксіз өткізуді жоспарлап, осы бағыт бойынша жүйелі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Бұл игі іске аудан, қала мешіттері, ерікті жастар, жамағат өкілдері, жалпы дін қызметкерлері аса белсенді қатысуда, – дейді Өскемен аймағы «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі Берік Кәдірұлы. 

Рамазанның алғашқы аптасында өңірдегі қайырымдылықты талдап қарайтын болсақ, бір шәкірттің оқу ақысы төленді және «қолдан қолға» жобасымен 15 адамға зекет таратылды. Сонымен қатар Ұлан аудандық «Мұса баба» мешіті қарттар үйіне үлкен көмек көрсетті. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында екі ірі қара, үш қой құрбан шалынып, еті таратылды. Игі шара алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.