Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция (СТӘЭ) табиғи катаклизмді СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі 26 сәуірде 2.05-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 644 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.6. Магнитудасы - 5.0. Тереңдігі - 35 шақырым. Қанша балға сезілгені туралы ақпарат жоқ», делінген хабарламада.