• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2021

Солтүстікқазақстандықтар полицияға 23 бірлік қару тапсырды

183 рет
көрсетілді

СҚО-да тіркелмеген 23 қаруды иелері полицияға тапсырып, сыйақы алды. Тапсырылған қарулар алдымен қылмыс жасауға қолданбағандығын растайтын қажетті сараптамалардан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Егер қару қылмыс жасауға қатыстылығы болмаса оның қайдан алынғанын иелері айтуы міндетті емес. Сараптамадан соң сыйақының мөлшері белгіленетін болады.

Қарулар адамдардың қолына түрлі жолдармен түскен. Соның ішінде тауып алдық дегендер көп болған. Кейбір адамдар үйлеріндегі ескі қора-қопсыны бұзған кезде тауып алдым деген. Үш адамдыкі қайтыс болған ата-аналарынан қалған. Мысалы, М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев селосының тұрғыны 1995 жыл әкесі қайтыс болған соң «БМ-16» қосауызды қаруын әкесінің көзі ретінде сақтаған. Ал Тайынша ауданының тұрғыны 16 калибрлі «ИЖ» маркалы 2 қаруды Польшаға тұрақты тұруға кеткен досы қалдырып кеткенін айтқан.

Акция аясында солтүстікқазақстандықтар барлығы 5 бірлік травматикалық қару, 16 тегіс ұңғылы қару мен калибрі 5,6 мм. «ТОЗ» маркалы 2 ойық ұсақ калибрлі винтовка тапсырған.