• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2021

Арандатушы бейнежазбаның авторы Жезқазғанның тұрғыны болып шықты

Кеше әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде полиция қызметкерлері белгісіз азаматтың Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабында көрсетілген «Ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар бейнеүндеуін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары аталған бейнежазбаның авторы – Жезқазған қаласының 27 жастағы тұрғынын анықтап,   қамауға алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар