• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Сәуір, 2021

Алматыда барлық саябақтарға шектеу енгізілуі мүмкін

310 рет
көрсетілді

Алматыдағы Арбаттың жабылуын қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин түсіндірді. Оның айтуынша, алдағы уақытта қаладағы барлық саябақтарға шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жаяу жүргіншілер аймағында бірінші кезекте Жібек жолы, Панфилов  саябақ аймақтарында адамдар топтасып көп жиналатыны байқалды. Бір саябақта мыңдаған адам, инфекция тарап жатыр, тіпті фотодеректер де тіркелген. Қала тұрғындары Алмалы ауданының әкімдігіне шағымданып жатыр. Заңбұзушылық көп байқалады, соның ішінде тыныштықты бұзу. Пилоттық жобада шектеу қандай нәтиже беретінін ұйғардық. Алмалы аудандық әкімдігі шектеулер санитария тұрғысынан көшелерде тәртіп орнатуға, сондай-ақ халықтың жиналу жағдайларын тоқтатуға мүмкіндік бергенін айтты. Осыған байланысты біз Жібек жолы көшесіндегі қозғалысты тоқтатуды қарастырамыз, сонымен қатар қаладағы басқа да саябақтарға шектеу шараларын енгізуді көздеп отырмыз. Адамдар маска тағу режимін сақтамайды, жастар 20-30 адамнан топтасып жиналады. Мұндай жағдайда коронавирустың жұқтыру жағдайын тоқтата алмаймыз», деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін, ол коронавирус бойынша пессимистік болжам орындалғанын және қалада локдаун енгізуге қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.