Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29 - орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді» деп жазды Анар Жаилғанова.
Сондай-ақ, Агенттік төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4% -ы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.