• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елбасы 28 Сәуір, 2021

Болашаққа нық қарау үшін өткенді ұмытпау керек – Н.Назарбаев

1744 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқытының артуында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Нарықтық экономика басынан бастап құрылды. Түбегейлі реформалар табысты жүргізілді. Бұл соңғы 30 жылда өсіп-өнген жас ұрпақтың есінде болмауы мүмкін. Дегенмен біздің есімізде. Өткенді біліп, болашаққа нық қарау үшін осы нәрсені жастарға айтып, қайталап отыру – біздің міндетіміз.  Осының арқасында Қазақстан қазір әлемде бәсекеге қабілетті 50 елдің және орташа табысы жоғары елдер қатарына қосылып отыр. Тәуелсіздік жылдары халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім деңгейі 13 есе көтерілді. Бұл – біздің ортақ жұмысымыздың жемісі. 1991-1992 жылдары Кеңес өкіметі құлағаннан кейін елімізде 1500 өндірістің тоқтап қалғаны есімде. Жұмыссыз қалғандар саны 2 млн-ға жетті. Халқымыздың 47,5 пайызы кедейлік шегінен төмен өмір сүрді. Бүгін осы көрсеткіш – 10 пайыз. Жұмыссыздық 3 есе төмендеді. Осы уақыт аралығында халық саны 2,5 млн адамға артты», деді Н.Назарбаев.

Отырысқа сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр. Күн тәртібі «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбына арналған.

Сессия жұмысына онлайн форматта 550-ден астам адам қатысып отыр. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.