29 сәуірде Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт өзгеретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Күндіз Ақмола облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен батыстан және солтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде.
Ал 29-30 сәуірде Қарағанды облысында найзағай күтіледі, 30 сәуірде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Сол күні таңертең және түстен кейін Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр жылдамдықта сақталады.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз бұрқасын жел күтіледі.