28 сәуір күні Орал қаласындағы ойын алаңдарының бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Менің қалам» порталына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ларин көшесіндегі ойын алаңынан ер адамның мәйіті табылғаны жайлы қоңырау сағат 6:15-те түскен.
- 60 жастағы ер адам суицидке барған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.