Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ақмола облысында дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
23 сәуір күні басталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 14 бұрымды балуан қатысуға шақырту алған. Жоспар бойынша аталған жаттығу жиыны әлемдік іріктеу додасына дайындық болып саналады.
Нұрлан Аманқосов жетекшілік ететін ұлттық құрама спортшыларының жаттығуы 5 мамырға дейін жалғасады.
Айта кетерлігі, Олимпиадаға іріктеу турнирі Болгарияның София қаласында 6-8 мамыр күндері өтеді.