Адам тағдырында түрлі жағдайлар болады. Кейде түзу жолда сүрініп кетіп, істі болып жатқандар аз емес, деп жазады Egemen.kz.
ҚАЖ Департаментінің пробация қызметі бөлімінің мамандары сотталушыларға жазасын өтеп келгесін қоғам ортасына бейімделуі мен қайта қылмыс жасамауға әр кезде қолұшын созып, қамқорлық танытады.
ПҚБ мамандары әртүрлі тәрбиедегі жандармен жұмыс атқарады. Олар қызметтерін жауапкершілікпен, әрі аса ыждағаттылықпен істеп келеді. Сондықтан бұл мамандыққа кездейсоқ біреулер келе қоймайды. Бақылаудағы адамдардың мінез-құлқы мен қасақана араздыққа итермелеуіне жол бермеуі тиіс. Бұл тұрғыда ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ПҚБ-ның мамандарының жұмысы табысты деуге болады. Соның ішінде Зайсан аудандық ПҚБ-ның кадрлық құрамы жас мамандармен толығып жатыр.
Бөлім басшылығы жас мамандарға сотталғандармен өзара қарым-қатынасты, қызметтік байланысты, жауапкершілігі мол саланың қыр-сырын, жай-жапсарын түсіндіріп, жас мамандарға қамқорлық пен қолдау көрсетіп жүр. Сонымен қатар жас мамандарды ерте жүріп сотталғандардың қамаудан кейінгі өмірге қалай бейімделуіндегі жағдайларымен таныстырып, үй-үйді аралап байланыс орнатып, өзінің және сотталған азаматтың заңды құқықтарында жұмыс істеп, тез меңгеруіне қолқабыс жасап отыр.
Бүгінде ІІМ-нің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының болашақ түлегі Тілек есімді курсант Зайсан аудандық ПҚБ-ның құқық қорғау саласында алғашқы тәжірибесін бастап кетті. Санаулы уақыттың ішінде өзінің құқық қорғау саласының білікті маманы болатындығына – осы алған білімі мен тәрбиесі, ең бастысы салмақты мінезі мен адамгершілік қасиеті дәлел. Өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды тиянақты әрі жауапкершілікпен орындайды.
Бастысы Отанға қызмет етемін деген ПҚБ-нің жас мамандарының міндеті – тиісті кәсіби тәжірибеден, тағылымдамадан өтіп, өздерін жақсы қырынан көрсете білу.