Steigan.no норвегиялық басылымында қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасы туралы мақала жарияланды. Бұл туралы Egemen.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған мақалада препаратты сынау кезінде жанама әсерлер мен қандай да бір шағымдардың байқалмағаны ерекше атап көрсетілген. Әлемдегі фармацевтикалық компаниялардың белгілі вакциналарына қарағанда QazVac екпесінің дайындау технолоиясы күрделі емес, жылдар бойы қолданылған әдіспен әзірленген вакцина деп атады.
Мақалада қазақстандық вакцинаны сақтау үшін ерекше жағдайлардың талап етілмейтіні, аз ғана салқындатудың жеткілікті екендігі айтылған, бұл пандемия жағдайында сөзсіз артықшылық болып табылады.
Осындай вакцина жасауға мүмкіндік берген қазақстандық ғалымдардың мықты зерттеу ортасын БАҚ айрықша атап өтті.