• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2021

Алматыда ыстық су құбыры жарылды

464 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы «Жетісу-3» шағынауданда ыстық су құбыры жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Апаттық бригада жұмысшылары бір сағат ішінде жарылған құбырды қалпына келтірді. Зардап шеккендер жоқ», деді ТҮКШ жылуэнергокешені кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 10 көпқабатты үйдің тұрғындарына басқа су құбыры арқылы ыстық су берілді.

«Апаттың себебі – 1998 жылы пайдалануға берілген 150 мм диаметрлі жылу желісінің тозуы. Мұндай құбырлардың пайдалану мерзімі шамамен 40 жыл болатын. Ал мұнда төселген құбырлар 25 жылға арналған. Бүгінде Алматыда жылу жүйелерінің тозуы 62,4% құрайды», деп нақтылады ол.