Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында 2018 жылы дүниеге келген бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға шіркеу маңында болған. Сол ауданда абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан жүк көтергіш көлігі саябақ арқылы өтіп бара жатқанда, көгершіндермен ойнап жүрген баланы қағып кеткен.
Жүргізуші мұндай жағдайдың қалай болғанын өзі білмейді. Баланы байқамағанын айтады.
Балақай алған жарақаты салдарынан сол жерде қайтыс болды.
Инспекторлар, криминологтар мен полиция қызметкерлері сол жерде оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.