• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Сәуір, 2021

Ақтауда ер адам әйелді өлтіріп, 3 млн теңгесін алып кеткен

426 рет
көрсетілді

Ер адам әйелді өлтіргеннен кейін Атырау қаласынан кетіп қалған. Өкініштісі, марқұмның соңында екі баласы жетім қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтау қаласында әйелдің өліміне қатысы бар күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол қайғылы оқиғаға дейін азаматшамен бірге бір пәтерде тұрған. 1991 жылы туған марқұмның мәйіті 25 сәуір күні қаланың 5-шағынаудағы көппәттерлі үйлердің бірінен табылды. Қайғылы жайт туралы хабарлама кезекші полиция бөлімшесіне шамамен сағат 22:30-да түскен.

Полиция өкілдері анықтағандай, ол қылмыс жасағаннан кейін жәбірленушінің банк картасынан 3 млн теңгені өзіне аударып, Атырау облысына кетіп қалған. Алайда жедел уәкілдер оны тез қолға түсірді. Қазір қылмыскер Маңғыстау облыстық уақытша ұстау изолияторына қамалған. Ер адам кінәсін толық мойындады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кейіннен сот-медициналық сараптама тағайындалды.