• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Сәуір, 2021

Алматы зообағында ягуар дүниеге келді

212 рет
көрсетілді

Алматы зообағында ягуар дүниеге келді. Бұл туралы зообақтың Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа туған ягуардың анасы Момын 2010 жылы Алматы хайуанаттар бағында туған, әкесі Василий 2014 жылы зообаққа Новосибирскіден әкелінген.

«Момын мен Василийдің тұңғыштары 2019 жылы туған болатын. Естеріңізде болса, Аустралия құрлығында алапат өрт болып, сол оқиғаға жанашырлық танытып, қолдау ретінде арнайы байқау жариялап оған Аустралия деген ат бергенбіз. Ол анасына ұқсап теңбіл болып туды. Енді олардың жақында ғана, 17 наурыз күні дүниеге келген інісі әкесіне ұқсаған-қара», делінген хабарламада.

Зообақ қызметкерлерінің хабарлауынша ягуар күнделікті 3 келі ет жейді. Қазіргі таңда ягуардың анасының тамақтану рационы 4,5 келіге көбейген.