• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Сәуір, 2021

Елордада «Ashyq» жобасын енгізген мекемелер саны 200-ден асты

272 рет
көрсетілді

Елордада «Ashyq» жобасымен жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлік нысандар күн санап артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Салынған тыйымдарға қарамастан жұрт үй карантиніне мән бермейді. Бұл олардың «Ashyq» жобасына қатысушылардың объектілерге баруымен расталады. Жоба арқылы сәуір айында үй карантинін бұзған 700-ден астам факт анықталды, оның ішінде 300-ге жуығы науқас және 400-ден астамы байланыста болған адам бар.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасына 222 кәсіпкерлік субъекті қатысады. «Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруына жол бермеу, сол сияқты қала қай аймақта болса да бизнестің тоқтап қалмауына мүмкіндік жасау», деді бас санитарлық дәрігер.

Сондай-ақ ол келуші QR-кодын сканерлеп, әкімшіге ұсынатынын, осы арқылы оның мәртебесі анықталатынын еске салды.

«Қызыл» мәртебе — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін 14 күннен соң алынып тасталады.

«Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен адаммен байланыста болғанына 14 күн өткен соң «көк» түске ауысады.

«Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді.

«Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады. Бұл ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен күннен бастап үш күн өткен соң алынып, «көк» түске ауыстырылады.

«Бұл қосымшаны пайдаланатын мекемелер санитарлық нормалардан босатылмайды. Бірақ жұқтыру қаупін барынша азайтады. Егер кәсіпкерлік нысандар келушілерді үш күн бойы тіркемеген болса, жұмыс алгоритмін бұзған болып есептеледі. Мониторинг топтарының нәтижесінде бұл нысанның жұмысына тек екі аптадан кейін ғана рұқсат беріледі. Ал егер бұл әрекет тағы да қайталанса, екі ай жұмыс істеуіне тыйым салынады», деді Сархат Бейсенова.