• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2021

Тату елдің табысы ортақ

181 рет
көрсетілді

Сыр өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық этномәдени бірлестік мүшелерінің қа­ты­суымен түрлі іс-шара жү­йе­лі түрде өткізіліп келеді. Биыл көк­темде «Қайырымды істер мара­фо­ны» жалпыұлттық жобасы бас­тау алып, ізгілікті бастама көп қол­дауы­­на ие болды.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобы «Тәуелсіздік жылдарындағы же­тіс­тіктер» тақырыбында дөңгелек үстел, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: бір­лік пен бірегейліктің моделі» атты рес­пуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция өткізілді. Барлық білім беру мекеме­ле­рінде осы тақырыпта тәрбие сағаттары ұйым­дастырылды.

«30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Жүрек жылуымен» атты әлеу­мет­тік көмек көрсету шаралары ұйым­­дастырылды. Жыл басынан бері 60-тан астам қайырымдылық шарасы өткі­з­іліп, 2752 адамды қамтыған көмекке демеу­шілер қолдауымен 12 708 160 теңге қар­жы жұмсалды.

Осы жылғы жаңалықтың бірі – «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен «30 жылға – 30 тұлға» іс-шарасы бастау алды. Жоба аясында тәуелсіздік жылда­рын­да Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне және жалпыұлттық бірлік пен келісімді сақтауға сүбелі үлес қосқан этнос өкілдері наси­хатталады.

Солардың бірі – татар этномәдени бірлестігінің ардагері Раиса Смаханова. Қа­зақ отбасына келін болып түскен Раиса Ханивқызы немере, шөбере сүйген әже. Бірнеше жыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы қызметін атқарып, ел арасында бірлік пен татулықтың беки түсуіне еселі үлес қосты.

Биыл Қызылорда қаласындағы Дос­тық үйінде қазақ тілін оқыту курсы бас­тал­ды. Аптасына екі мәрте тегін өтетін курс­қа жазылуға тілек білдіргендер көп. Достық үйіндегі тілдерді оқыту каби­не­тінің жетекшісі Гүлзира Сәрсенбек жүр­гі­зе­тін курсқа үлкендер де қатысып жүр.

Сан этносқа сая болған Сыр еліндегі бұл бастамалар тату елдің табысы көп бола­тындығын дәлелдеп тұрғандай.

 

ҚЫЗЫЛОРДА