• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Сәуір, 2021

Қазақстандағы шетелдік азаматтарға да тегін вакцина салынады

297 рет
көрсетілді

Қазақстанда үш айдан аса уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары екпені тегін салдыра алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сондай-ақ министр қазіргі таңда Қазақстан азаматтары үшін де елде тұруға ықтиярхаты бар және ел аумағында тұрақты тұратын азаматтар үшін де вакцинация тегін жүргізіліп жатқанын айтты.

«Кеше ғана ВАК-тың коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі отырысында 3 айдан аса уақыт елде болған студенттер мен еңбек миграттары да еліміздің ұжымдық иммунитетін қамтамасыз ету үшін тегін егіледі деген шешім қабылданды», деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Бүгінгі күнге дейін елімізде 1,184 миллион адам екпе салдырған.