• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2021

Солтүстіктегі ТЖД қызметі Ресеймен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

193 рет
көрсетілді

Жуырда СҚО ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың төрағалығымен Ресей ТЖМ Қорған облысы бойынша бас басқармаларының басшылық құрамымен бейне конференциялық байланыс режімінде кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Онда Солтүстік Қазақстан мен Қорған облыстарының шектес аумақтарында табиғи өрттердің алдын алу және жою бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, кезекші қызметтердің өзара іс-қимылы, бірлескен оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу туралы мәселесі қаралды.

СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин СҚО аумағындағы өрттердің алдын алу және жою ісінде тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық қажеттігіне назар аударып, Мамлют, Жамбыл аудандары аумағындағы орманды дала аймағының 84 мың га және шекара сызығы бойынша ұзындығы 240 км-ден астам аумақта әріптестік қажеттілігін айтты.

Сондай-ақ биыл маусым айында Қызылжар ауданының аумағында Ресей ТЖМ Қорған, Омбы және Түмен облыстарының жедел топтарының қатысуымен ірі ауқымды орман өрттерімен байланысты трансшекаралық жағдайдың алдын алу және салдарын жою бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру тақырыбы бойынша оқу-жаттығуды өткізу мәселесі қаралды. Алайда, аталған іс-шараны өткізу эпидемиялық жағдай тұрақталғанға дейін уақытша кейінге қалдырылғаны және келісу бойынша неғұрлым кеш мерзімде ұйымдастырылатыны атап өтілді.