Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылы 30сәуірде өткен IV сессиясында депутаттар Жеңістің 76 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек төлеу ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ардагерлерге бір реттік сыйақы беруді әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы нәзира Тоғызбаева ұсынған еді.
«Біз Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бір жолғы төлем мөлшерін 500 мыңнан миллион теңгеге дейін арттыруды ұсынамыз. Сондай-ақ тыл ардагерлеріне, бейбіт уақытта қаза тапқан ҰОС ардагерлері жұбайына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетуді көздеп отырмыз», деді Нәзира Тоғызбаева.