• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 30 Сәуір, 2021

Президент: Болашақтың кілті цифрландыру мен инновацияда

365 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Санжар мен Дамир жоғары технология саласында бірегей жобаларды жүзеге асырды. Болашақтың кілті цифрландыру мен инновацияда екенін білесіздер. Қазір робот жасау ісін белсенді дамытуға және ғарышты игеруге баса мән берген жөн. Жалпы, мемлекет талантты азаматтардың жаңа бастамаларына барынша қолдау көрсетеді», деді Президент.

Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуге атсалысқан мамандарды, волонтерлер мектебін ашқан, спорт саласында дүние жүзін мойындатқан, әлем әдебиетін қазақ тілінде сөйлеткен азаматтарды атап өтті.