• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Мамыр, 2021

Үндістанда ауруханадағы өрт салдарынан 18 науқас қаза тапты

310 рет
көрсетілді

Үндістанның батысындағы Бхарух қаласында ауруханада болған өрт салдарынан 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Hindustan Times газетіне сілтеме жасап

«Жергілікті уақытпен сағат 06:30-дағы жағдай бойынша, ауруханадағы өрттен қаза болғандар саны 18 адамды құрады. Өрттен кейін 12 өлім оқиғасы расталды», деп хабарлады жергілікті полиция өкілі. Оның айтуынша, коронавирус бөлімінде ем алып жатқан 12 науқас өрттен немесе өртенген заттардан шыққан улы иіс салдарынан ажал құшқан. Қалған алты адамның өрттен немесе басқа ауруханаларға жеткізу кезінде қаза болғаны әзірге белгісіз. Алайда тілсіз жау 16 пациент пен екі мейірбикенің өмірін қиды.